
Құтырма (гидрофобия)- ауру жануардың сілекейімен немесе ми тінімен тікелей байланыста болған кезде адамға берілетін вирустық ауру.
📍Есте сақтау керек !
Адамдарға құтырма ауруы үй мен жабайы жануарлардың, әсіресеетқоректі жануарлардың инфекцияланған сілекейі жағылғанда немесе тістеп , тырнағанда (иттер , мысықтар, түлкілер, қасқырлар, және т.б) жұғады.
Құтырманың қоздырғыштары аурудың алғашқы белгілері пайда болғаннан 10 күн бұрын жануардың сілекейінде болады.
Құтырманың белгілері
Әр жануарда әр түрлі болады, бірақ ең басты назар аударатын нәрсе, ол -жануардың қимыл- қозғалысы. Иттер жеуге келмейтін заттарды -тастарды, шыныны, ағашты және т.б жей бастайды. Жануарлардың астыңғы жақтары салбырап , көп мөлшерде сілекей бөлінеді , ашушаң болады, адамдар мен басқа жануарларғатап беріп, қатты тістейді.
Алдын алу шаралары
үй жануарларында құтырма ауруының белгілерін байқасаңыз, дереу мал дәрігеріне хабарласыңыз.
иттер мен мысықтарға ветеринариялық тексерулер мен гигиеналық күтімді үнемі жүргізу қажет
емдеу профилактикалық егулердің толық курсы 5 немесе 6 иньекциядан тұрады (екпе өндірушілеріне байланысты): бірінші екпе жүгінген күні, содан кейін екпе егу нұсқаулығына сәйкес сызба бойынша.
егер 10 күннен кейін жануар сау болса (мал дәрігерінің анықтамасы болған жағдайда ) егуді тоқтатуға болады.
Егер адам мен жануар құтырмамен ауырғанда уақытылы екпе жасалмаса 100% өлімге әкеліп соғады.