«Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинацияға жалпыға бірдей қол жеткізу, тиімді коммуникация және халықпен өзара іс-қимыл арқылы жатыр мойны обырын жою» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2023 жылдың 16-17 қарашасы аралығында Назарбаев Университетінде «Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинацияға жалпыға бірдей қол жеткізу, тиімді коммуникация және халықпен өзара іс-қимыл арқылы жатыр мойны обырын жою» тақырыбында екі күндік халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің, Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің ұйымдастыруымен және Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен өтті.

Аталмыш конференцияға Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары А.Т.Токтабаева, паразиттік және инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы А.Б.Серікбаева және бас маман А.К.Кабдуллина қатысты.

Конференцияда Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тайланд, Япония, Австралия мемлекеттерінің мамандары АПВ вакцинациясын енгізу жөніндегі өз тәжірибелерімен бөлісті.