"Қоғамдық орындардағы әкімшілік құқық бұзушылық пен жол жүру ережелерін сақтау туралы" тақырыбында семинар өтті

"Қоғамдық орындардағы әкімшілік құқық бұзушылық пен жол жүру ережелерін сақтау туралы" тақырыбында семинар өтті

Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінде онлайн және оффлайн форматта "Қоғамдық орындардағы әкімшілік құқық бұзушылық пен жол жүру ережелерін сақтау туралы" тақырыбында семинар өтті.
Семинар Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл М.М.Сахариевтің ұйымдастыруымен, Семей қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының взвод командирі полиция капитаны Б.Н.Тоқтаровтың қатысуымен өтті.
Семинарға Департамент мамандары және аудан, қала басқармаларының мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
Аталмыш жиында жол көлік қозғалысы мен ережелері бойынша бірнеше сұрақтар қозғалып талқыланды.