
Өндірістік шу дегеніміз - жұмысшыларда жағымсыз субьективті сезім тудыратын және уақыт бойынша ретсіз өзгеріп тұратын интенсивтілігі мен биіктігі әртүрлі дыбыстар жиынтығы. Ол өндірістік процестің, машиналардың, жабдықтар мен құралдардың жұмысы кезінде жұмыс орындарында пайда болатын акустикалық шу.
Өндірістік шудың әсеріне есту мүшесі жиі зардап шегеді, өйткені есту анализаторы ең алдымен дыбыстық тербелістерді қабылдайды. Қатты өндірістік шу өнімділікті төмендетеді, инфаркт ауруларына бейімділікті арттырады, невроздар мен жүйке ауруларының ықтималдығын арттырады, көру қабілетін нашарлатады, бас ауруын, психикалық депрессияны, шаршауды тудырады.
Өңдірістік шудың ағзаға зиянды әсерінің салдары кәсіптік аурулар, жалпы сырқаттанушылықтың жоғарылауы болуы мүмкін, өндірістік жарақаттар мен жазатайым оқиғалар қауіп артады, еңбек өнімділігі төмендейді.
Өндірістік қызметтердегі шуды азайту үшін әр түрлі шаралар қолданылады:
📍пайда болу көзіндегі шу денгейін төмендету;
📍дыбысты сіңіру арқылы дыбысты оқшаулау;
📍шу сөндіргіштерді орнату;
📍жабдықты ұтымды орналастыру;
📍жеке қорғаныс құралдарын қолдану.
✅Кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі маңызды іс-шаралардың бірі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сәйкес қызметкерлерді алдын ала және мерзімді медициналық тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.