
Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Абай облысының СЭБД басшысының орынбасары Токтабаева Айгул Тулегеновнаның, Абай облысының штаттан тыс бас инфекционисті Эфендиев Имдат Мұсаұлының, Абай облысы СЭБД инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Серікбаева Айнұр Болатқызының қатысуымен «Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау туралы» тақырыбында пресс-конференция өтті.
2023 жылдың басынан Абай облысында қызылша диагнозы бойынша 75 адамда расталды, яғни бір жасқа дейінгі 12 бала, 1 жастан 14 жасқа дейінгі 43 бала, 15-18 жас аралығында 1 жасөспірім және 19 ересек адам. Оның ішінде 57,3 % астамы түрлі себептермен осы ауруға қарсы екпе алмаған, ал 21,3 % вакцинация статусы белгісіз болған.
Халық арасында қызылша ауруының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы № 7 «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы» қаулысына сәйкес, 6 қарашадан бастап қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізілуде. Қаулы 6
айдан 10 ай 29 күнге дейін, 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі жастағы қызылшаға қарсы вакцинациялау мәртебесіне қарамастан, сондай-ақ қызылшаға қарсы профилактикалық иммунизациясы жоқ медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне қатысты.
Абай облысында барлығы 40 мың адам егуге жатады, оның ішінде қарсы көрсетілімдерді ескере отырып – бір жасқа дейінгі 9191 бала, 2-4 жас аралығындағы 25700 бала және қайталама екпеге 1709 бала, сонымен қатар қарсы көрсетілімдерді ескере отырып 3400 медицина қызметкерлері
кіреді.
Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау мақсаты – балаларда ерте иммунитетті қалыптастыру және осы инфекцияның ауыр зардаптарының алдын алу.
Есіңізде болсын: қызылша кез келген жастағы адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіпті! Екпе алу - вакцинацияланған адамдарда өмір бойы болатын иммунитетті дамытады.
Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті ата-аналарды өз баласының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, екпелерді уақытында алуға, сондай-ақ қосымша жаппай иммундау аясында 6
айдан 11 айға дейінгі, 2 жастан 5 жасқа дейінгі жастағы
балаларды вакцинациялауға шақырады!