
Дәретханалар кез - келген мекеменің ажырамас бөлігі болып табылады. Олар келушілердің жайлылығы үшін ғана емес, сонымен қатар ғимараттың санитарлық жағдайын жақсарту үшін де қажет. Дегенмен, дәретханалардың өздері антисанитария көздеріне айналмауы үшін сақталуы керек стандарттарды білу керек.
Қалалық және (немесе) ауылдық елді мекендерде, курорттық жерлерде, сондай-ақ жолдарда (автомагистральдарда) қоғамдық дәретханалар көзделеді. Дәретханалар жеке орналасқан (дербес) объектілер ретінде және (немесе) қоғамдық ғимараттарға және (немесе) қалалық құрылыстарға кіріктіріліп (жапсарлас) орналастырылады.
Тұрғын ғимараттарды қоспағанда, дәретханалар мынадай жерлерде орнатылады:
1) әуежай және теңіз вокзалдарының ішінде және алаңдарында (темір жол, өзен және автовокзалдарда), метрополитенде;
2) алаңдарда, көп жаяу жүргіншілері бар көшелерде;
3) қоғамдық іс-шараларды өткізу орындарында;
4) жаппай халықтың демалу орындарында;
5) сауда орталықтары, базарлар, жәрмеңкелер, көрмелер аумағында;
6) құрылыс алаңдарында объектіні салу кезеңінде;
7) зиратта;
8) жанар май станцияларында;
9) жолдарда (автомагистральдарда);
Жағажайлардың аумақтарында дәретханалар 75 келушіге бір орын есебінен орнатылады, қоғамдық дәретханалардан шомылу орнына дейінгі қашықтық кемінде 50 м және 200 м артық емес болады. Базарларда орындар саны әрбір 50 сауда орнына кемінде біреу есебімен белгіленеді. Саябақтарда дәретханалар демалушылар көп жиналатын орындардан 50 м-ден жақын емес қашықтықта, 500 келушіге бір орын есебімен орнатылады. Дәретханалардың орналасу орындары мен оларға келу жолдары күндізгі және кешкі уақытта байқалатын арнайы көрсеткіштермен белгіленеді. Дәретхана, санитариялық құралдар техникалық жарамды күйде ұсталады. Жөндеу жылына бір реттен кем емес және қажеттілігіне қарай жүргізіледі. Дәретхана едені тайғанамайтын болып көзделеді. Дәретханалар қоғамдық ғимараттарда орнатылған жағдайда негізгі ғимарат желдету жүйесімен қосылмаған жеке сорып-шығару желдетумен жабдықталады.