
Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары М.М.Сахариевтың басшылығымен аудандық және қалалық СЭББ мамандарымен "Төтенше жағдайлар мен қаралы күндердегі мамандар жауапкершілігі" тақырыбында семинар өтті. Семинарда төтенше немесе қаралы күндер болған жағдайларда мамандар қандай жұмыс атқару керектігі талқыланып, мамандардың жауапкершіліктері нақтыланды.