«Өнімнің санитариялық-эпидемиологиялық мониторингін жүргізу шеңберінде өнім (тауарлар) үлгілерін сатып алу алгоритмімен» таныстыру, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу туралы семинар-кеңес өтті

«Өнімнің санитариялық-эпидемиологиялық мониторингін жүргізу шеңберінде өнім (тауарлар) үлгілерін сатып алу алгоритмімен» таныстыру, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу туралы семинар-кеңес өтті

2023 жылдың 09 қарашасында Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «өнімнің санитариялық-эпидемиологиялық мониторингін жүргізу шеңберінде өнім (тауарлар) үлгілерін сатып алу алгоритмімен» таныстыру, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу туралы нұсқаманы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын өнімді (тауарлар) сатып алу актісін ресімдеу мәселелері бойынша қалалық, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары және "ҰСО" ШЖҚ РМК Абай облысы бойынша филиалы мамандарының қатысуымен семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңес барысында сатып алу актілерін, қаулылар мен нұсқамаларды толтыру кезінде қолданыстағы заңнаманың талаптарын, оның ішінде техникалық регламенттер, гигиеналық нормативтер және т. б. талаптарын қатаң сақтау қажет екендігі атап өтілді.

Қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.