
Абай облысындағы азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесіне қарасты аумақтық жүйені жетілдіру, сонымен қатар төтенше жағдайларды жою бойынша басқару органдары мен азаматтық қорғаныс қызметтерін зымыран тасығышты ұшыру кезінде болған штаттан тыс жағдайға (апат) даярлау мақсатында 2023 жылғы 2-3 қараша күні "Зымыран-2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының шеңберінде Семей қаласы жанында арнайы тактикалық жаттығулары өтті.
Оған облыстық және қалалық азаматтық қорғаныс қызметтері және басқа да бірлесе әрекет ету қызметтері қатысты.
Жаттығу барысында көзделген міндеттер орындалып, барлық қызмет түрлерінің өзара әрекеттері пысықталды.