2023 жылғы 9 айдағы ҚР Ұлттық егу күнтізбесі шеңберінде профилактикалық егулермен қамту қорытындысы және Абай облысында қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундауды (ҚЖИ) жүргізуді ұйымдастыру мәселелері Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасының үйлестіру кеңесінде Абай облысының СЭБД басшысының орынбасары Токтабаева А.Т. және Абай облысы ДСБ басшысының орынбасары Танатарова Г.Н. төрағалығымен қарастырылды.
Үйлестіру кеңесі гибридті форматта оффлайн/онлайн режимінде жүргізілді, оған Абай облысының СЭБД СЭБ басқармалары мен медициналық ұйымдардың бірінші басшылары мен иммунопрофилактика мәселелері бойынша жауапты тұлғалар қатысты.
Үйлестіру кеңесінің отырысында ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес Абай облысының тұрғындарын профилактикалық егулермен қамту туралы баяндамалар, көрсеткіштердің жеткіліксіз болу себептері, тиісті контингентті жоспарлаудың проблемалық мәселелері, вакцинаны сақтау және тарату шарттары тыңдалды.
Бұдан басқа, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2023 жылғы 01 қарашадағы №7 "Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы" қаулысы жеке баяндамамен таныстырылды, Абай облысында қызылшаға қарсы жаппай иммундауды ұйымдастыру және өткізу тактикасы айтылды.
Кеңестің қорытындысы бойынша хаттамалық шешім қабылданды, онда медициналық ұйымдар мен СЭББ басшыларына жоспарлы профилактикалық екпелермен оңтайлы қамтуға қол жеткізуді бақылауды қамтамасыз ету, Абай облысының аумағында ҚЖИ ұйымдастыру және өткізу тапсырмалары берілді.