Қантты шамадан тыс тұтынудың салдары қандай?

Қантты шамадан тыс тұтынудың салдары қандай?

Қант бұлшықет құрылымдарының қалыпты жұмыс істеуі және миды қанмен қамтамасыз ету үшін қажет энергияның жақсы көзі болып табылады. Қантты жеткіліксіз мөлшерде тұтыну ұйқышылдық пен әлсіздікке, жеңіл бас айналуға және интеллектуалды қабілеттердің нашарлауына әкеледі. Қантты күнделікті жеп жүрген көп өнімнен кездестіруге болады. Мысалы, жеміс йогурты, сүзбе, соус, шұжық, консервіленген, кондитерлік өнім, шырын. Осыған байланысты қантты мүлде тұтынбау мүмкін емес.
Бұл өнімдерді пайдалану ағзаның қалыпты жұмысы үшін қажетті глюкозаның, фруктозаның, лактозаның күнделікті нормасын алуға мүмкіндік береді. Қант стрессті жеңілдетеді. Ұйқы безі шығаратын инсулин серотонин өндірісін ынталандырады. Глюкоза энергия көзі ретінде аса маңызды: ағзаның энергетикалық шығындарының 80%-дан астамы оның ыдырауы есебінен өтеледі.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тұтынылатын калориялардың бар жиынтығынан қанттың қолданылуын 5 %-ға дейін шектеуге кеңес береді, бұл 30-50 грамм аралығын құрайды (6-8 шай қасық).
Қанттың ағзаға тигізетін зияны:
• Семіздік және қант диабетінің дамуы
• Гиповитаминоз: қант В дәрумендері мен С витаминінің сіңуіне кедергі келтіреді
• Тұрақты шаршау, концентрацияның төмендеуі, есте сақтау проблемалары және ұйқының нашарлауы
• Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы статистикасы бойынша транс майлар жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін едәуір арттырады.
• Иммунитеттің төмендеуі және ағзадағы жиі қабыну процестері
• Қант тіс жегісін тудыруы мүмкін.
Егер сіз қантты дұрыс мөлщерде қолдансаңыз сіздің ағзаңызда келесі өзгерістер орын алады:
• Сіз ауырмайтын боласыз. Қанттың жоғары концентрациясы созылмалы қабынуды тудырады, бұл кез-келген денені әлсіретеді, суыққа шалдығу мүмкіндігін арттырады.
• Қантты азайту арқылы сіз артық салмақты тез тастай аласыз. Қантты пайдалы тағамдарға ауыстырыңыз-салмақ тұрақты болады және дене майының түзілуі тоқтайды.

Тістеріңізді сау күйде сақтайсыз. Тәтті тіс эмальын бұзады, тістердің механикалық зақымдалуына, қызыл иектің ауруларына әкеледі. Тәттілерді жеуді тоқтату арқылы сіз бұл мәселелерден арыласыз.
• Сіз сау ұйықтайсыз. Ұйықтар алдында тәттілер кортизол гормонының бөлінуін тудырады, бұл сізді тез ұйықтатпайды. Қанттың болмауы ұйқыны тыныш және күшті етеді.
• Қанттың көп мөлшері ми жасушаларының жұмысына кедергі келтіреді, сондықтан тәттілерді азайту кезінде сізде жақсы есте сақтау қалыптасады.
• Ас қорыту жүйесі жақсарады. Қанттан бас тарту сізді ішектің қабыну ауруларынан құтқарады
Қанттың зиян әсерін болдырмау үшін оның тұтыну мөлшерін шектеу керек. Сонымен қатар, қант қолданбау қант диабетінің алдын алудың тиімді тәсілі болады. Диетологтар бұл әдеттен арылу үшін қант мөлшерін біртіндеп азайтуға кеңес береді. Сондай-ақ, тұтынатын тағам құрамын мұқият зерттеп, қаптамадағы жазуды оқудың да маңызы зор.