Спорттық ортадағы жұқпалы аурулардың қауіп факторлары

Спорттық ортадағы жұқпалы аурулардың қауіп факторлары

Спорт, дәлірек айтсақ, қалыпты физикалық белсенділік адамдар үшін пайдалы. Тұрақты жаттығулар жасайтын адамдар, әдетте, отырықшы өмір салтын ұстанатындарға қарағанда жақсы көңіл-күйде болады. Дененің физикалық жағдайына оң әсер етудің арқасында спорт адамның психикалық денсаулығын жақсартады. Спортпен шұғылдану проблемалардан арылуға және стресс деңгейін төмендетуге көмектеседі, иммунитет күшейеді.
Алайда, фитнеспен, спортпен шұғылдану кезінде жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі бар екенін ұмытпауымыз керек. Фитнес орталықтары, спорт залдары-күн сайын жүздеген адамдар келетін орын. Және бұл адамдардың барлығы мінсіз сау екеніне кепілдік жоқ. Бірақ олар да киім ауыстыратын бөлмелерде шешінеді, есіктердің тұтқаларын ұстайды, душ бөлмесінің еденінде жүреді, күрес залында татами немесе би залының паркетінде жүгіреді және микрофлорасымен бөлісетіні анық.
 Ең көп таралған инфекциялар-саңырауқұлақ және бактериялық инфекция. Атап айтқанда;
- адам папилломавирусы, олар қолдың, беттің терісіндегі папилломалар, жыныс мүшелеріндегі сүйелдер, ауыз қуысы және дененің басқа бөліктерінде көрінеді, вирус киім ауыстыратын бөлменің немесе душтың едені арқылы жұғуы мүмкін.
- Саңырауқұлақ инфекциясы дермотомикоздар. Саңырауқұлақтар душтың, киім ауыстыратын бөлменің және бассейннің ылғалды ортасында тез көбейеді, көбінесе ол аяқтың терісіне, әсіресе саусақтардың арасына, тырнақтарға әсер етеді, қол да қабыршақты қызыл бөртпеге ұқсайды.
- Бактериялық инфекциялар: спорт мекемелерінде бактерияларының арасында ең кең тараған «Алтын стафилококк», бұл инфекция әсіресе терінің зақымдану аймағында тез дамиды, зақымданған жерлерде бөртпе, безеу, абсцесс пайда болады. Стафилококктан басқа, тренажерларда, штангаларда, гантельдерде, йога төсеніштерінде және есік тұтқаларында стрептококктар, клебсиелла және тіпті E. coli (ішек таяқшасы) табуға болады. Көбінесе олар тыныс алу жүйесінің ауруларына әкеледі.

Өзіңізді қалай қорғауға болады?
Орындықтарға жалаңаш терімен отыруға болмайды. Егер киіну үшін отыру керек болса, сүлгіні қою керек. Душқа арналған жеке аяқ киім - киім ауыстыратын бөлмелер мен душ бөлмелеріндегі инфекциялардан қорғаудың ең жақсы құралы.
Біреудің аяқ киімін немесе басқа біреудің сүлгісін, сабынын қолдануға болмайды. Жаттығудан кейін міндетті түрде душ қабылдау керек, ол зиянды микроорганизмдерден арылтады.
Мекеме басшылығы тренажерлердің барлық түрлерін дезинфекциялық құралдармен үнемі өңдеуіліп отыруын қадағалауы керек. Көп жағдайда дезинфекциялау әр келушіден кейін жүргізілмейді. Бұл дегеніміз, тренажерлер мен орындықтар, штангалар, гантельдер, арқандар, швед қабырғалары, фитболдар және басқа жабдықтары инфекция көзі болып табылады.
Адамның терісі қоршаған ортаның денсаулыққа қауіпті шабуылдарынан бізді қорғайды. Дені сау адамның сау терісі саңырауқұлақтарды, вирустар мен бактерияларды жеңе алады. Бірақ қарқынды жаттығулар дене үшін, соның ішінде иммундық жүйе үшін стресс болып табылады және қорғанысымызды уақытша әлсірейді, сондықтан гигиена мен инфекциялардың алдын алуға ерекше назар аудару керек. Егер теріде зақым болса — (сызаттар, абразиялар), ағзаға инфекция енгізу қаупі артады. Егер аяқтарда немесе дененің басқа жерлерінде күдікті қызыл дақтар, қабыршықтар, қышу пайда болса, дереу дерматологке қаралу керек және уақытша арнай залдарға баруды тоқтата тұру қажет.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Абай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті барша халықты спортпен шұғылдануға шақырады және келесіні ұсынады: спортпен шұғылданғанда өз кілемшеңіз, аяқ киіміңіз, сүлгіңіз болуын қамтамасыз етіңіз және жеке бас гигиенасын сақтаңыз, сонда Сіз өзіңізді және басқаларды жұқпалы аурулардан сақтайсыз.