Патогенділіктің III және IV топтарының биологиялық агенттерімен жұмыс істеуге рұқсат беру үшін бактериологиялық және паразитологиялық зертханаға кешенді тексеру жүргізілді

Патогенділіктің III және IV топтарының биологиялық агенттерімен жұмыс істеуге рұқсат беру үшін бактериологиялық және паразитологиялық зертханаға кешенді тексеру жүргізілді

2023 жылғы 24 қазанда Абай облысының ДСБ "Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы" ШЖҚ КМК өтінішіне сәйкес патогенділіктің III және IV топтарының биологиялық агенттерімен жұмыс істеуге рұқсат беру үшін бактериологиялық және паразитологиялық зертханаға кешенді тексеру жүргізілді.✅
♻️Тексеру ҚР ДСМ СЭБК Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Р.О. Тулесованың, ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің бас маманы Ж.С.Кабасованың, Абай облысының СЭБД Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ауруханаішілік инфекцияларды қадағалау эпидемиологиялық бөлімінің басшысы Ш.Ж. Курманбаеваның және ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" РММ филиалының бактериологиялық зертханасының бактериолог-дәрігері А. М. Кумарованың қатысуымен жүргізілді.
Бірлескен тексерулердің бұл тәжірибесі неғұрлым егжей-тегжейлі және сапалы тексерулер жүргізуге, практикалық көмек көрсетуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.✔