
Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінде 25-қазан Республика күніне орай іс-шара өтті.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы А. С. Есмагамбетова видео-құттықтау жолдады.
Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысының орынбасарлары М.М.Сахариев пен Р. Ж. Фатхуллина құттықтау сөз айтып, Республика күнінің маңызын атап өтті.
Іс-шара барысында Департамент мамандары өткенге тағзым ете отырып, болашаққа жарқын көзқараспен ой жүгіртті, тәуелсіздік, отан, туған ел, жер туралы ән-жыр айтып, отансүйгіштік сезімдерді жандануына септігін тигізіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.