Маникюр жасау кезіндегі эпидемиологиялық қауіпсіздік

Маникюр жасау кезіндегі эпидемиологиялық қауіпсіздік

Әйелдер қауымы әдемі болып жүру үшін сұлулық салонына көп баратыны белгілі. Алайда процедурадан кейінгі көңіл күй кейде керемет болмайды.
Егер салонда санитарлық-эпидемиологиялық ережелер сақталмаса, онда адам келесі жұқпалы ауруларды жұқтыруы мүмкін: яғни гепатит "В", "С", ВИЧ, саңырауқұлақ инфекциясы, адам папилломавирусы, бактериялық инфекциялар; мысалы, тырнақ пластинасының стафилококктары, синегнойлы инфекция, панариция, импетиго — бұл маникюрден кейін жұқтыруға болатын аурулардың қысқаша тізімі. Бұл инфекциялар қайта пайдалануға болатын сүлгіде, маникюр немесе педикюр кезінде қолданылатын жастықта немесе арнайы құралдарда және тырнақ егеуіш құралында өмір сүре алады. Жұмыскерлер жеке бас тазалығын сақтауы тиіс және маникюр маманы қолғап пен маскада жұмыс істеуі керек. Егер маман өзіне қамқорлық жасаса, ол клиентке де қамқорлық жасайды.
Терінің, шырышты қабаттардың зақымдануы мүмкін манипуляцияның барлық кезеңдері клиенттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Маникюр, педикюр, шаштараз және косметикалық қызметтер көрсету бойынша технологиялық рәсімдерді бастамас бұрын объект жұмыскері клиенттің терісінің пайдаланылатын материалдарға сезімталдығын тексеруі, қолданылатын химиялық препараттардың технологиясын, құрамын, шоғырлануын және әсер ету (ұстау) уақытын қатаң сақтауы, сондай-ақ клиент ұсынған жеке ерекшеліктер мен қарсы көрсеткіштерді ескеруі қажет. Маникюрге, педикюрге дейін және одан кейін терінің және жара каналының беті антисептикпен дезинфекцияланады.
Тері және шырышты қабаттардың зақымдануы мүмкін жағдайлар үшін (маникюр, педикюр, косметикалық қызметтер) пайдаланылатын құрал-саймандар нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес дезинфекциялау, стерилдеу алдында тазарту және стерилдеуге жатады. Құрал-саймандарды стерилдеу үшін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес жабдық, аппаратура және материалдар пайдаланылады. Сонымен қатар жұмыс орнына да ерекше назар аудару керек. Ол әр клиенттен кейін дезинфекциялық ерітінділермен өңделуі керек, үстелдегі барлық құралдар дезинфекцияланады және залалсыздандырылады. Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді, шашты, тырнақты, теріні күту құралдарын қолдану, сақтау және оны келушілерге өткізу олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттар бар болған жағдайда жүргізіледі. Бұл санитарлық талаптар, ең алдымен, клиенттер мен қызметкерлер арасында жұқпалы аурулардың пайда болуын және таралуын болдырмау үшін жазылған.
Маникюр қызметтерін көрсету денсаулыққа зиян келтірумен байланысты тәуекелдерді тудырмауы тиіс.
Сұлулық салонына жүгінген кезде жоғарыда аталған барлық санитарлық ережелерге назар аударыңыз. Егер бұл ережелер болмаса, олардың қызметтерінен бас тартыңыз. Қауіпсіздік ол сіздің денсаулығыңыз және осыған баса назар аударыңыз.