Техникалық реттеу саласындағы бар кедергілер мәселелері бойынша Өңірлік штабтың отырысы өткізілді

Техникалық реттеу саласындағы бар кедергілер мәселелері бойынша Өңірлік штабтың отырысы өткізілді

2023 жылғы 28 қыркүйекте Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінде техникалық реттеу, санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық және Абай облысының техникалық реттеу саласындағы бар кедергілер мәселелері бойынша Өңірлік штабтың отырысы өткізілді. Отырысқа Абай облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Р. Ворошилов, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы А. Мухамедкалиева,  Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің мамандары және кәсіпкерлік субъектілері өкілдері қатысты. Жиналыс барысында Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшы орынбасары Р. Фатхуллина «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 033/2013), аталған техникалық регламенттегі қолданыстағы өзгерістер» тақырыбында баяндама жасады.