Ауыз суы

Ауыз суы

Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей әсер ететін стратегиялық міндет болып табылады.

Ауыз су эпидемиялық және радияциялық тұрғыда қауіпсіз, химиялық құрамы жағынан зиянсыз және органолептикалық қасиеттерге ие болуы керек. Ауыз судың құрамына адам ағзасының биологиялық  порцесстерінде маңызды рөл атқаратын йод, кальций, фтор, хлор, селен және басқа да көптеген заттар кіреді. Олардың жетіспеушілігі немесе артық болуы денсаулыққа елеулі проблемалар тудыруы мүмкін, ал кейбір жағдайларда тіпті өте тез таралатын аурулардың эпидемиясын тудырады. Ауыз судың химиялық және микробиологиялық құрамының әсері әртүрлі жұқпалы емес аурулардың дамуына әкелетіні дәлелденген.

 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 113 бабының 9 тармағына сәйкес Халықтың жеке меншіктегі аумақта орналасқан сумен жабдықтау көздерінен суды шаруашылық-ауызсу мұқтажы үшін пайдалануына су қауіпсіздігінің көрсеткіштері белгіленген гигиеналық нормативтерге сәйкес келген кезде жол беріледі.

Сумен жабдықтау көздерін қорғау және халық пайдаланатын ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық басқармалар қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Облыста орталықтандырылған сумен жабдықтаудың ауыз суының сапасы соңғы жылдары тұрақты.

Абай облысы бойынша бақылауда 131 орталықтандырылған және  103 орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздері бар.

Ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігін мониторингілеу мақсатында су шаруашылығы субъектілері, әкімдіктер, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалдары және аудандық СЭБ басқармалары арасында келісімдер жасалды.

Абай облысы бойынша бекітілген мониторинг  жоспарына сәйкес 2023 жылдың 1 жарты жылдығында  лабораториялық зерттеулерге 172 су сынамасы алынды, санитарлық-химиялық көрсеткіш бойынша 1 сынама гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеді.

Облыс аумағында 2023 ж., су факторымен байланысты жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.

Ауыз су сапасына арыз шағымдарыңыз болған жағдайда Семей қ. М. Ешекеева                к-сі, 44 үй мекенжайы бойынша өтініш қалдыруыңызға болады.