Оқу-жаттығу тақырыбы: «Жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштер мен құралдарын дайындау».

Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті азаматтық қорғаудың химиялық, радиациялық және биологиялық қорғау қызметі Абай облысы әкімінің орынбасары Д. Гариковтың 2023 жылғы 07 тамыздағы  «Жер-2023» Командалық-штабтық оқу-жаттығуды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес 2023 жылғы 11-12 қыркүйек аралығында «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты.

Оқу-жаттығу тақырыбы: «Жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштер мен құралдарын дайындау».

Оқу-жаттығу барысында:

1) Абай облысы жойқын жер сілкінісінің қаупі және туындауы кезінде арналған міндеттерді орындауға АҚМЖ аумақтық және салалық кіші жүйесінің жұмыс істеу режимін жоғары әзірлік режиміне ауыстыру;

2) жойқын жер сілкінісі қатері және туындауы кезінде АҚМЖ қабылдаған шараларының тиімділігі мен деңгейін арттыру;

3) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезінде азаматтық қорғаудың бағынысты күштері мен құралдарын басқару бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарының үйлесімділігі мен өзара іс-қимыл жасауын жетілдіру;

4) құлақтандыру және байланыс жүйелер, АҚМЖ барлық деңгейдегі жедел кезекшілігін ұйымдастыруды, болжау және диспетчерлік қызметтердің жұмысын, мониторинг жүргізуді, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық резервтер қорларының құрылуын тексеру;

5) ТЖ жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын, эвакуациялық іс-шараларды және өзара іс-қимылды, жойқын жер сілкінісінің болжауы мен туындауын ескере отырып, сондай-ақ олардың мазмұнының толықтығы мен орындалуын нақтылау және түзетуді жүргізу;

6) ТЖ алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның, эвакуациялық комиссияларының, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының жедел штабтарының жұмыстарын ұйымдастыру;

7) жойқын жер сілкінісі туындауы кезіндегі іс-қимылдарға халыққа түсіндіру жұмыстарын және оқытуды ұйымдастыруды жоспарлау пысықталды.