
Департамент басшысының орынбасары Р.Фатхуллинамен және Семей қалалық басқармасының мамандарымен мектеп асханаларының жеке кәсіпкерлеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық актілерді сақтау мәселелері бойынша семинар өткізілді. Р. Фатхуллина ҚР ДСМ 2020 жылғы 30 желтоқсанындағы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтерді алу ережелерін және мемлекеттік қызметтерді алуға қандай өзгерістер енгізілгендігі жайлы түсіндірді.
#sebk #ksek #epidkz #epidbaqylau #epidcontrol #sanepidbaqylau #sanepidcontrol