
Қазақстан Республикасының азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың радиациялық қауіпсіздікке құқығы бар.
Бұл құқық адам ағзасына иондаушы сәулеленудің белгіленген нормалардан жоғары радиациялық әсерін болдырмау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізумен, сондай-ақ жеке тұлғалар мен пайдаланушы ұйымдардың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындауымен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді «Атом энергиясы пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан, «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» және санитариялық қағидалардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі принциптері:
- нормалау принципі
- негіздеу приницпі
- оңтайландыру принципі
Радиациялық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі:
- құқықтық, ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық, санитарлық-гигиеналық, профилактилық, тәрбиелік, жалпы білім беру және ақпараттық сипаттағы шаралар кешенін жүргізу;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының іске асыруымен, қоғамдық бірлестіктер жеке және заңды тұлғалар радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормалар мен ережелерді сақтау жөніндегі іс-шаралар;
- республиканың бүкіл аумағында радиациялық мониторингті жүзеге асыру;
- иондаушы сәулелену көздерімен практикалық қызметті жүзеге асырудың барлық деңгейлерінде радиациялық қауіпсіздікті сапалы қамтамасыз есту бағдарламаларын іске асыру.