Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы

Конго-Қырым  геморрагиялық қызбасы - қоздырғышы негізінен трансмиссивті механизммен берілетін табиғи-ошақты жұқпалы ауру. Аурудың тасымалдаушылары – кенелер.

Вирустардың резервуары - жабайы және уй жануарлары (сиырлар, қойлар, ешкілер). Инкубациялық кезең 2-14 күнге созылады , көбінесе 3-5 күн. Қызба орта есеппен 7-8 күнге созылады. Науқастардың көпшілігінде теріде және шырышты қабаттарда геморрагиялық бөртпе пайда болады, инъекция орындарында гематомалар пайда болады , асқазан , ішек , жатыр, өкпе қан кетуі мүмкін. Науқастың жағдайы күрт нашарлауы мүмкін .

Аурудың белгілері:

  • Дене қызуының 38 градустан жоғары көтерілуі ;
  • Бас ауру, көздің қызаруы, лоқсу, құсу;
  • Ауру одан әрі асқынған жағдайда денеде бөрітпелердің пайда болуы;
  • Мұрыннан, жатырдан, асқазаннан қан кету және ине енгізу орындарында қанталау белгілерімен сипатталады.

Кене шаққанда адам дер кезде медициналық көмекке жүгінбесе, өлім  жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Алдын алу шаралары:

  • Табиғатқа демалуға шыққанда акарорепеленттер мен акарицидтерді, жеке қорғану құралдарын қолдану қажет;
  • Иелігінде төрт түлік малдары бар азаматтар қора –қопсыларын қи мен кқңнен механикалық жолдармен тазартып , төрт түлік малды залалсыздандыру жұмыстарын қамтамасыз етуі қажет;
  • Кене шаққанда немесе кенемен жанасу болған жағдайларда міндетті түрде медициналық ұйымға қаралу керек!