ZOOM платформасында денсаулық сақтау объектілеріне жоспардан тыс тексерулерді жүргізу бойынша түсіндіру жұмыс кеңесі өткізілді

ZOOM платформасында денсаулық сақтау объектілеріне жоспардан тыс тексерулерді жүргізу бойынша түсіндіру жұмыс кеңесі өткізілді

2023 жылғы 08 тамызда басшының орынбасары А.Токтабаеваның төрағалығымен ZOOM платформасында Бас прокуратураның медициналық ұйымдардың санитариялық талаптарды сақтауы және АИТВ инфекциясын жұқтырудың алдын алу мәселесі бойынша талаптарын орындау, сонымен қатар  ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасына сәйкес стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне жоспардан тыс тексерулерді жүргізу бойынша түсіндіру жұмыс кеңесі өткізілді.

Кеңеске жоспардан тыс тексерулерді жүргізу тәртібі, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қандай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу қажет екендігі талқыланды.

Кеңеске Абай облысының СЭБ басқармасының басшылары және ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің мамандары қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша аумақтық басқармаларға жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері және қабылданған шаралар туралы ақпарат беру бойынша хаттамалық тапсырма берілді.

#sebk #ksek #epidkz #epidbaqylau #epidcontrol #sanepidbaqylau #sanepidcontrol