Азық-түлік нарықтары бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін қоректік және мәдени тұрғыдан қолайлы тағамның маңызды көзі болып табылады. Азық-түлік нарықтары тұтынушыларға сатылатын барлық азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Дүние жүзінде шамамен 2,5 миллиард адам көшеде сатылатын тағамды күн сайын тұтынады. Көшеде сатылатын тағам өзінің ерекше дәмі мен ыңғайлылығымен бағаланғанымен, ол халықтың денсаулығына зиян болуы мүмкін, өйткені оны дайындау үшін қауіпті тағамдарды пайдалану қаупі бар.
Абай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халық арасында тамақтан улану мен жіті ішек инфекцияларының таралуын болдырмау мақсатында келесі ұсыныстарды ұсынады:
- Шикі және дайын тамақ өнімдерін бірге сақтамаңыз. Бұл тағамдардың жанасу мүмкіндігін болдырмай, тауар көршілестігін сақтаңыз;
- Дайын тағам өнімдерін тасымалдау үшін пайдаланылатын транспорт түрлерін таза ұстаңыз және оларда жануарларды тасымалдамаңыз;
- Дайын ыстық тағамдарды 60°C-тан жоғары температурада сақтаңыз;
- Салқындатылған күйдегі дайын өнімдерді 5°C-тан төмен температурада сақтаңыз (мұзда немесе тоңазытқышта);
- Өнімдерді шаңнын түсуінен және ластанудан қорғаңыз, ашық ауада ұзақ уақыт сақтамаңыз;
- Тамақты кем дегенде 70°C температурада мұқият пісіріңіз. Қалған тағамдарды тоңазытқышта сақтау мүмкін болмаса, келесі күнге қалдырмаңыз;
- Сауда сөрелерін, жабдықтар мен ыдыстарды таза және жабық күйде ұстаңыз, сондай-ақ қажетіне орай үстелдің бетін дезинфекциялауды ұмытпаңыз;
- Гигиена қағидаларын қатаң сақтаңыз. Қолыңызды сабынмен және таза сумен жуып, таза, арнайы киім киіңіз.
Құрметті азаматтар, сауда, қоғамдық тамақтану және тамақ өнеркәсібі объектілерінде сапасыз өнімнің анықталғанын және санитариялық қағидалардың сақталмағанын байқаған болсаңыз, Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне мына мекенжай бойынша жүгіне аласыз: Семей қаласы, Ешекеев көшесі, 44 (8 (7222) 637111 нөмірі бойынша) немесе келесі аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жүгініңіз:
- Абай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы: Қарауыл ауылы, Абай көшесі, 65 мекенжайы бойынша.
- Аягөз аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы: Аягөз қаласы, А. Тәңірбергенов көшесі, 47 мекенжайы бойынша.
- Ақсуат аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы: Ақсуат ауылы, Ы.Кабекова, 9 көшесі мекенжайы бойынша.
- Бесқарағай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы: Бесқарағай ауылы, Қ. Рысқұлбеков көшесі, 88 мекенжайы бойынша.
- Бородулиха аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы: Бородулиха ауылы, Бірлік көшесі, 129 мекенжай бойынша.
- Жарма аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Қалбатау ауылы, Ақтамберді жырау көшесі, 109А мекенжайы бойынша.
- Көкпекті аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы: Көкпекті ауылы, Қабанбай батыр көшесі, 69 мекенжайы бойынша.
- Курчатов қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы: Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4 мекенжайы бойынша.
- Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы: Семей қаласы, Сеченов тұйық көшесі, 9 мекенжайы бойынша
- Үржар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы: Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы, 297 мекенжайы бойынша.