
2023 жылдың 21 шілдесінде Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшының орынбасары Р.Фатхуллина мен білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Жакиянова Г.М. Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының мамандарына «ZOOM» платформасында жоспарлы онлайн-семинар өткізілді.
Семинар тақырыбы: Жазғы сауықтыру ұйымдарын бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру, жазғы сауықтыру объектілеріне арналған қорытындыларды беру ережелері, 2023 жылғы ЖСЛ-ға берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды талдау.