
17 шілде 2023 жылы Қазақстан Республикасында фтизиатриялық және пульмонологиялық қызметтерді дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде Семей қаласында облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Сандыбаевтың қатысуымен «Ұлттық әріптестікті дамыту ТБ-ға жол жоқ, Абай облысында ТБ-ды қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері ретінде жою мақсатында ТТБ/АИТВ бойынша ҮЕҰ-дың әлеуетін дамыту» атты кеңейтілген кеңес өтті.
Кеңес жұмысына: облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы М. Н. Сандыбаев, ҚР ДСМ фтизиопульмонология Ұлттық ғылыми орталығының директоры М. М. Аденов, Қазақстандағы ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қордың гранаттарын іске асыру тобының менеджері Ш. Ш. Исмаилов, Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Т. Токтабаева, жергілікті атқарушы органдардың, облыстық және қалалық мәслихаттың, әлеуметтік қызметтердің, денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері қатысты.
Кеңесте 2022 жылдың қорытындысы бойынша және 2023 жылдың 5 айында облыста туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық ахуал мәселелері баяндалды.
Кездесуде емдеуді бақылаудың ұйымдастырушылық мәселелері, халықтың негізгі топтарында туберкулезді анықтау, атап айтқанда ҮЕҰ әлеуетін кеңінен пайдалану, емдеудің амбулаториялық кезеңінде туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік көмек көрсетуге жергілікті бюджеттен жеткілікті қаржы бөлу мәселелері талқыланды.
ТБ Стоп Ұлттық әріптестігінің негізгі мақсаты елдегі туберкулезді эпидемия және қоғамдық денсаулық сақтау проблемалары ретінде жою, 20 жыл ішінде мынадай нәтижелерге қол жеткізу болып табылады: 2035 жылға қарай туберкулезбен сырқаттанушылықты 90% - ға және өлім-жітімді 95% - ға төмендету!!!
2035 жылға қарай түйінді индикаторлар - туберкулезден 0 өлім, 100 000 адамға шаққандағы бір сырқаттанушылық, әрбір қазақстандықты туберкулез эпидетінен азат елде өмір сүру үшін белсенді іс-қимылға шақыру деп белгіленді.
Кездесуді ашқан Марат Сандыбаев өз сөзінде өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды атап өтіп, сондай-ақ туберкулездің алдын алу және емдеу жөніндегі шараларды жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.
Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды талқылаудан басқа, спикерлердің баяндамалары тыңдалды, түрлі қызметтер мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру шаралары, ҮЕҰ-мен ынтымақтастықтың мүмкіндіктері қаралды.
#sebk #ksek #epidkz #epidbaqylau #epidcontrol #sanepidbaqylau #sanepidcontrol