
Бақша дақылдарын сату маусымына байланысты осы қызмет түріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына назар аударамыз.
Бақша өнімдерін дұрыс таңдау үшін санитариялық дәрігерлердің бірнеше кеңестерін ескерген жөн.
Кез-келген көкөністер, жеміс-жидектер пісу маусымына сәйкес сатып алынуы керек. Қауын мен қарбыз үшін тамыз-қыркүйек айлары пісу уақыты болып есептелінеді.
Бақша дақылдарының айналымына (тасымалдау, сақтау және өткізу) олардың сорты, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын қажетті ілеспе құжаттар болған кезде ғана жол беріледі.
Қарбыз, қауынды сақтау үшін жабдықталған бақша павильондарында және супермаркеттерде арнайы сөрелерден сатып алу дұрыс болады, онда қауындарды сақтаудың санитарлық шарттары әлдеқайда жоғары.
Қауын, қарбыздарды сөрелерде, арбаларда және осы мақсаттар үшін арнайы жабдықталған ашық алаңдарда сатуға болады. Бұндай жағдайда бақша дақылдарының жемістерін жерде сақтауға болмайды.
Тұтынушы ретінде сіз сатылатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды (декларацияны) сұратуға құқығыңыз бар.
Кесілген қарбыз немесе қауын сатып алмаңыз және сатушыдан оны кесуді сұрамаңыз, бұл санитарлық ережелермен тыйым салынады. Кесілген қарбыз бактериялық ластанумен қауіпті.
Жақсы қауынды таңдау түсі - ашық сары немесе қызғылт сары және иісі – хош иісті және жағымды болуы керек. Артық піскен қауыннан қантты жемістердің иісі сезілуі мүмкін. Сондай-ақ, егер терісінде зақым немесе майысқақ болса, ондай қауынды сатып алмаңыз, олардың асты тым жұмсақ және ащы дәм болуы мүмкін.
Тәтті қарбызды таңдау үшін сыртқы қабығын тырнақпен тырнап көру керек. Егер тек жоғарғы эпидермис алынып тасталса, онда піскен қарбыз. Бұл дұрыс сатып алудың ең қарапайым әрі тиімді әдісі.
Қарбызды таңдағанда оны шертіп, даусынан да пісіп-піспегенін білуге болады. Шикі болса, дыбыс қатты шығады, піскен болса, ақырын шығады. Кеуіп құрап қалған сабағы оның піскенін емес, ертерек бақшадан жұлынғанының белгісі.
Қарбыз, қауынды қолданар алдында сабынмен мұқият жуып, қайнаған сумен жуып тастау керек. Есіңізде болсын, құрамында глюкозасы көп қарбыз, қауын стияқты өнімдерді тамақтанғаннан кейін ғана тұтыну керек.
Сонымен қатар, қауын целлюлозасында темір, калий, кальций, магний, В, С және А дәрумендері, каротин және пектиндер көп екенін білу пайдалы. Осы микроэлементтердің арқасында қауын жүрек-тамыр ауруларының алдын-алу құралы болып табылады, қандағы холестеринді төмендетеді және атеросклероздың дамуына жол бермейді, жүйке жүйесін тыныштандырады, асқазанды қалыпқа келтіреді, сонымен қатар организмді токсиндерден тазартады.
Қарбыз ыстықта сергітіп қана қоймайды, сонымен қатар көптеген пайдалы заттардан тұрады. Қарбыздағы фолий қышқылы (В9 дәрумені) бауырдың майлы инфильтрациясына жол бермейді, иммундық жүйені қолдайды, ақ қан клеткалары - лейкоциттердің қалыпты қалыптасуына және жұмыс істеуіне ықпал етеді, жүктілікте маңызды рөл атқарады - эмбрионның жүйке жасушаларының қалыптасуын реттейді, бұл оның қалыпты дамуы үшін өте маңызды.