Аскаридозы

Аскаридозы

Аскаридоз (Ascaridosis) — қоздырғыштары дөңгелек құрттар (Ascaris lumbricoides) болып табылатын нематодтар тобына жататын ішек инфекциясы. Дөңгелек құрт негізінен аш ішекте паразиттенеді. Ересек гельминттің ұзындығы 25-30 см. Жұқтыру көзі – тек адам. Аскаридоздың себептері – бұл жуылмаған  қолдар, нашар жуылған көкөністер (көбінесеаскөктерді) және жәндіктердің жұмыртқаларды тасымалдауы арқылы жұқтыру. Жұмыртқаның механикалық тасымалдаушылары шыбындар, тарақандар болуы мүмкін.