"Қауіпсіз өнімді таңда" тақырыбында акция өткізілді

"Қауіпсіз өнімді таңда" тақырыбында акция өткізілді

Ағымдағы жылдың 06 маусымында Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары "Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ мамандарымен және "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК зертханашыларымен бірлесіп, "Жаңа базар" және "Океан" базарларында Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күніне арналған "Қауіпсіз өнімді таңда" тақырыбында акция өткізді.

 Өткізілген акцияның мақсаты:

- халықты азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері туралы ақпараттандыру;

- қауіпсіз тамақ өнімдерімен аурудың алдын-алу жолын ұсыну;

- әртүрлі секторларда тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін арттырудың бірлескен тәсілдерін талқылау;

- азық-түлік қауіпсіздігін арттырудың шешімдері мен тәсілдерін ілгерілету.

Акция барысында барлық ниет білдірген сатып алушыларға дайын және сүт өнімдерінің, сондай-ақ, өсімдік өнімдерінің санитариялық-химиялық көрсеткіштерін анықтау үшін, ет пен аспаздық өнімдерді термиялық өңдеу сапасына, сүт өнімдерінің қышқылдығына және жемістер мен көкөністердегі нитраттардың көрсеткіштеріне зертханалық жұмыстар тегін негізде жүргізілді.

Сондай-ақ, тұтынушылар мен саудагерлерге көше саудасында, жұмыс орнында, үйде және дәстүрлі азық-түлік нарықтарында азық-түлік қауіпсіздігінің маңыздылығы мен оның қауіпсіздігін арттыру бойынша ұсыныстар берілді.