
Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотынының төрағасы Семей қаласының санитариялық-эпидемиялық бақылау басқармасының мамандарымен кездесті.
Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ескендір Қайырбекұлы Шыныбаев Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Алмас Нұрғазыұлы Жайкеновпен және Семей қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен кездесті.
Соттың төрағасы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Абай облысы аумағында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына кіретін «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» және «Төрелік ақпараттық жүйесі» арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы мемлекеттік органдарының әкімшілік материалдарды сотқа жолдауы бойынша жоба сынақтан өткізілетін хабарлады.
Соттың төрағасы қатысушыларға электрондық жобаны қолданудағы және полицияның пилоттық жобадағы тәжірибесі кезінде болған қиындықтары туралы айтып, мысалдар келтірді.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандарының сотқа материал жолдау бойынша сұрақтарына жауап бере келіп, Е.Шыныбаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қазақстандық сот ісін жүргізуге енгізілген жаңашылықтар ол заман ағымына ілесу және жұмысты жеңілдету үшін керегін айтты. Бұл ретте А.Жайкенов Семей қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарына өткізілген семинар үшін алғысын білдіріп және осындай кездесуді тұрақты негізде өткізіп отыруға ұсыныс білдірді.