Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары өзгертілді

Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары өзгертілді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 30 бұйрығымен "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ - 336/2020 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілді:

- Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары жаңа редакцияда жазылды;

- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары жаңа редакцияда жазылды;

- Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары жаңа редакцияда жазылды.