Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ)

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ)

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) - зооноздарға жататын аса қауіпті  жедел вирустық ауру, қызбамен жалпы интоксикациямен және айқын геморрагиялық синдроммен сипатталады.

Негізгі жұқтырушы және ауру қоздырғышын тасымалдаушы – кене, сонымен қатар жабайы және үй жануарларының ағзасында да ауру қоздырғыштары болады. Адам ауруды кенеге тигенде немесе кене шаққан  жағдайда, қанында вирусы бар жануарларды сою кезінде, науқас адамға күтім жасау кезінде немесе мәйіттін қанымен, сұйықтығымен және ағза бөлінділерімен ластанған медициналық құралдар арқылы жанама байланыс арқылы жұқтыруы мүмкін.

Қызбаның барлық түрлеріне тән белгілері:

  • жоғары дене қызуы (38,5 С-тан жоғары);
  • жүрек айнуы, құсу;
  • асқазан ауруы;
  • буындар мен бұлшықеттердегі ауырсыну;
  • мұрынның қанауы.

Алдын алу шаралары :

  • ірі және ұсақ қара малды кенеге қарсы өңдеуден өткізу;
  • табиғатқа шыққанда денені тұтас жауып тұратын қорғаныш киімін кию;
  • кене шаққан немесе кенеге тиген жағдайда міндетті түрде медициналық ұйымға қаралып, 14 күн медициналық бақылауда болу керек;
  • кенені жабысқан жерден жұлып алмай, жіппен ақырын қозғап теріден шығару керек.