Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаты және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданысын қайта қалпына келтіру, қайта рәсімдеу, қолданысын қайта тоқтату мәселелері жөнінде семинар-кеңес өткізілді.

Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаты және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданысын қайта қалпына келтіру, қайта рәсімдеу, қолданысын қайта тоқтату мәселелері жөнінде семинар-кеңес өткізілді.

Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарымен патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаты және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданысын қайта қалпына келтіру, қайта рәсімдеу, қолданысын қайта тоқтату мәселелері жөнінде семинар-кеңес өткізілді.

Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысының орынбасары А.Токтабаеваның төрағалығымен семинар-кеңес онлайн және оффлайн режимінде 95-тен аса қатысушылармен, Республикалық  ветеринариялық зертхана басшысы А. Балуанов,  аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басшылары, ветеринариялық зертхана, медициналық мекемелер және Абай облысының Ұлттық сараптама орталығының филиалдары өкілдері  қатысты. 

А.Тоқтабаева өз баяндамасында соңғы уақытта биологиялық қауіпсіздік өте өзекті мәселеге айналғандығын атап өтті. Коронавирус пандемиясы қазіргі әлемде инфекциялардың қаншалықты тез таралатынын көрсетті.

Биологиялық қауіпсіздік - елдің ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөліктерінің бірі. Соңғы оңжылдықта инфекциялық аурулардың, оның ішінде алғаш рет XX ғасырдың соңында анықталған, реттеудің жаңа нысандарын талап ететін індеттердің саны мен алуан түрлілігі артып келеді.

Осы жылдың 21 мамырында Мемлекет басшысы қол қойған «ҚР биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заңына ерекше назар аударылды.

Оның негізгі мақсаты - биологиялық қатерлерді анықтау және алдын-алу.

Семинарда қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарын орындауды қамтамасыз ету мәселелері, 2022 жылғы 21 мамырдағы №123-VII ҚР Заңы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» талқыланды.

 «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» жаңа Заңға сәйкес патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын және патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсаты бар субъектілер рұқсаттарды алты ай ішінде қайта рәсімдеуге міндетті, мерзімінде қайта рәсімделмеген өз қолданысын тоқтатады.

Бұл рұқсаттың құрамдас бөлігі сертификатталған курстарда оқылған қызметкерлер болып табылады .

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің, қолданыстағы нормативтік актілердің  талаптарына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық микробиологиялық зертханалар патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаты және оларға қосымшасы болуы тиіс.

Спикерлер семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.