Медициналық қалдықтар және олардың жіктелуі

Медициналық қалдықтар және олардың жіктелуі

Медициналық қалдықтар ауруханаішілік ортаның және қоршаған ортаның барлық дерлік элементтерінің – судың, ауаның, топырақтың, азық-түліктің ластануы салдарынан халық арасында инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың туындау қаупінің тікелей ғана емес, сонымен қатар жанама факторы ретінде қарастырылады.

Медициналық қалдықтар мәселесі бүкіл әлемде өте өткір мәселе, қоқыс жәшіктеріне лақтырылған бір реттік шприцтермен және қан құю жүйелерімен ойнағаннан кейін балалардың АИТВ жұқтырған жағдайлары тіркелген. Қолданылған шприц инесін өзіне шаншып алған медбикенің ЖИТС ауруын жұқтыруы, қызметкердің улануы салдарынан өлім жағдайының тіркелуі: жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер кәрізге тасталуынан және олардың сумен реакциясы нәтижесінде улы газдың пайда болуы есебінен улануы.

Барлық емдеу профилактикалық мекемелерінде қалдықтар қауіптілік дәрежесі бойынша 5 сыныпқа бөлінеді. Алғашқы үш сыныптың қалдықтары эпидемиологиялық қауіптілік дәрежесі бойынша, төртінші сынып – улы қалдықтар, бесінші-радиациялық қауіпті болып табылады.

* А сыныбы (қауіпті емес)

* Б сыныбы(қауіпті)

* В сыныбы (өте қауіпті)

* Г сыныбы (құрамы бойынша өнеркәсіпке жақын қалдықтар)

* Д сыныбы (радиоактивті қалдықтар)

Қалдықтарды жіктеу оларды кейіннен тасымалдау және жоюмен (кәдеге жаратумен) сыныптар бойынша бөлек жинау жүйесін қолданысқа енгізуге мүмкіндік берді.

Медициналық қалдықтар сыныптары

"А" сыныбындағы қалдықтар бір реттік пакеттерге немесе қайта пайдалануға болатын контейнерлерге жиналады. Қалдықтардың осы сыныбын жинау ережелері қарапайым тұрмыстық қатты қалдықтарға қойылатын талаптарға ұқсас.

"Б" және "В" сыныптары міндетті түрде бір реттік қаптамаға жиналады, мысалы, "қауіпсіз кәдеге жарату қораптарында"(ҚКЖҚ). Оларды емдеу бөлімшесінің шегінен тыс ашық түрде тасымалдауға тыйым салынады.

"А", "Б", "В" сыныптарының қалдықтары бар бір реттік пакеттер ЕПМ бөлімшесінің кодын, қалдықтарды жинауға жауапты адамның тегі мен  күнін  жаза отырып, міндетті таңбалаудан өтеді.

"Г" сыныбы - құрамы жағынан өнеркәсіпке жақын қалдықтар.

Олардың әр түрінің уыттылық дәрежесі өнеркәсіптік қалдықтардың жіктеуішіне және тиісті әдістемелік ұсынымдарға сәйкес анықталады.

"Д" сыныбының қалдықтарды жинау, сақтау және жою радиоактивті заттармен және иондаушы сәулеленудің басқа көздерімен жұмыс істеу қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Сондай-ақ санитариялық ережелер де қалдықтарды жинау және уақытша сақтау орындарына (ашық алаңдар, корпусішілік үй-жайлар) талаптар қояды.

Осы құжатта қалдықтарды уақытша сақтауға, инфекциялардың таралуының алдын алуға арналған контейнерлерді орнату орындарына қалдықтарды жинау және жою жүйесін іске асыра отырып, қалдықтарды және мекемелерді дезинфекциялауды жүргізудің жалпы тәртібі айқындалған.

Қалдықтарды жинау және жою жоспарлары мекеменің түріне және жұмыс профилінің ерекшелігіне байланысты әрбір ЕПМ үшін бөлек жасалуы керек.

Бір реттік қаптама, қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер, оларды корпусішілік жинауға арналған үй-жайлары санитариялық-гигиеналық және эпидемиологиялық талаптарды, сондай-ақ инфекцияның таралу мүмкіндігін болдырмайтын ережелерді қанағаттандыруы тиіс.

Бұл ретте "Б" және "В" сыныптарының қалдықтары міндетті термиялық түрде залалсыздандырылуы тиіс.

"А" сыныбындағы қалдықтар термиялық залалсыздандырылуы немесе арнайы полигондарға шығарылуы мүмкін.

Қалдықтарды жою схемасы келесі мәліметтерді қамтуға міндетті:

* қалдықтардың сапалық және сандық құрамы туралы;

* сыйымдылықтарды орнату орындары және қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылықтың түрі туралы;

* ЕПМ аумағында контейнерлерді орналастыруға арналған алаң туралы;

* қалдықтарды тасымалдау және жою шарттары туралы.

Айта кету керек, біздің елімізде медициналық қалдықтарды жинау, жою, қайта өңдеу және залалсыздандыру жүйесі әлі жетілмеген, олардың санының қарқынды өсуі тұрақты тенденцияға ие.

Қоқыс жинайтын контейнерлерге, ҚТҚ полигондарына тасталған дәрілік заттардың балалардың және әлеуметтігі азайған адамдардың (үйсіз адамдар) қолына түсу фактілері бірнеше рет анықталды.

ҚТҚ полигондарында механикалық жолмен жойылған фармацевтикалық препараттар түзілетін фильтраттың уыттылығын күрт арттырады, бұл топырақтың ғана емес, жер асты сулы қабатының да ластану қаупін тудырады.

Медициналық қалдықтарды залалсыздандыру мәселесі өте өзекті және тиісті заңдармен шұғыл шешілуді талап етеді.