Балалар ойыншықтарының қауіпсіздігі туралы. Ойыншықтарды сатып алу кезіндегі кеңестер

Балалар ойыншықтарының қауіпсіздігі туралы. Ойыншықтарды сатып алу кезіндегі кеңестер

           Қауіпсіз ойыншықтар - бұл біздің балаларымыздың қауіпсіздігі. Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнім қауіпсіздігін мониторингтеу шеңберінде балалар ойыншықтарының сапасын бақылауды жүзеге асырады. Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін сараптамалық бағалау сатып алуды жүргізу арқылы өнімді өткізу сатысында жүргізіледі.

            Балаға ойыншық таңдау ата-аналардан барынша ұқыптылықты, жауапкершілікті талап етеді. Балалар ойыншықтарын сатып аларда оның иісіне, түріне, боялуына мән беру керек. Өткір, жағымсыз, бөтен иіс, майысу, үшкір қырлары, қылаулары болмауы керек. Сатып аларда оны оңай тексеруге болады, ойыншықты ылғалды сүлгімен немесе саусағыңызбен сүртіп көріңіз, егер сүлгі немесе саусағыңызға бояу жағылса, онда мұндай ойыншықты сатып алмаған жөн.

            Сонымен қатар, балалар ойыншықтарының таңбалануында келесі мәліметтер болуы қажет: атауы, өндіруші елі, жасалған жері, өндірушінің мекен-жайы, импортері, олармен байланысу сымтетігі, өндірушінің тауар белгісі, пиктограммасы, негізгі құрастырғыш материалы (3 жасқа дейінгі балалар үшін) (қажеттілігіне сай), ойыншық күтімі (қажеттілігіне сай), шығарылу күні (айы, жылы), сақтау мерзімі, сақтау шарттары (қажеттілігіне сай).

            Сатылымға шығар алдында ойыншықтар «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 008/2011 Кеден одағының Техникалық регламентінің талаптарымен сәйкестендірілуі тиіс. Санитариялық-эпидемиологиялық дәрігерлер балаларға арналған ойыншықтар мен басқа да тауарларды сатып алу кезінде таңбалануына ерекше назар аудару қажеттігін еске салады. Тұтынушыға жеткізілуі керек негізгі ақпарат қаптамада көрсетілген, атап айтқанда, өндіруші туралы мәліметтер мен өнім дайындалған материалдың құрамы, сондай-ақ жас шектеулері жазылады. Иістің, ақаулардың немесе өткір өңделмеген жиектердің болуына, бояудың сыдырылуына және т.б. көріністеріне назар аудару керек.

Құрметті ата-аналар!

            Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сізді ойыншықтарды сатып алу кезінде мұқият болуға шақырады. Сатып алудан бұрын сатушылардан тауардың қауіпсіздігін растайтын сәйкестік сертификатын ұсынуды талап етіңіз. Күмәнді жерлерде өнімді сатып алмаңыз, таңбалауға назар аударыңыз. Ережелерді сақтай отырып, Сіз балаңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аласыз.