
Құтырма (гидрофобия)- ауру жануардың сілекейімен немесе ми тінімен тікелей байланыста болған кезде адамға берілетін вирустық ауру.
Есте сақтау керек
Адамдарға құтырма ауруы үй мен жабайы жануарлардың, әсіресе етқоректі жануарлардың инфекцияланған сілекейі жағылғанда немесе тістеп, тырнағанда (иттер, мысықтар, түлкілер, қасқырлар және т.б) жұғады.
Құтырманың қоздырғыштары аурудың алғашқы белгілері пайда болғаннан 10 күн бұрын жануардың сілекейінде болады.
Құтырманың белгілері
Әр жануарда әр түрлі болады, бірақ ең басты назар аударатын нәрсе, ол-жануардың қимыл-қозғалысы. Иттер жеуге келмейтін заттарды-тастарды, шыныны, ағашты және т.б жей бастайды. Жануарлардың астыңғы жақтары салбырап, көп мөлшерде сілекей бөлінеді, ашушаң болады, адамдар мен басқа жануарларға тап беріп, қатты тістейді.
Алдын алу шаралары
Егер адам мен жануар құтырмамен ауырғанда уақытылы екпе жасалмаса 100% өлімге әкеліп соғады.