Абай облысының аумағында 2022 жылдың қорытындысы бойынша туберкулездің алдын алу және туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы

Абай облысының аумағында 2022 жылдың қорытындысы бойынша туберкулездің алдын алу және  туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы

2022 жылдың қорытындысы бойынша Абай облысында туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз деп бағаланды.

Туберкулездің алдын алу әдістері

Балаларды туберкулезге қарсы егу. Жаңа туған нәресте алғашқы екпені немесе вакцинацияны перзентханада туылған күннен бастап алғашқы төрт күнінде алады. Абай облысы бойынша туылғандардың 95,2% вакцинацияланды. Алайда, облыста 2022 жыл бойынша ата-аналары  БЦЖ егуден бас тартқан балалар бар.  

Туберкулезге қарсы егілген балалар вакцинация алмағандарға қарағанда 15 есе аз және айтарлықтай жеңілірек ауырады. Егу алған балаларда туберкулездің асқынған, ауыр түрлері тіркелмейді.

 6-7 жас аралығындағы (1-сынып) Манту теріс сынамасы бар дені сау жұқтырылмаған балалар ғана қайта егуге жатады. Облыста туберкулезге қарсы қайта егумен қамту  ҚР-ның және ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) ұсынған жалпы көрсеткіш деңгейінде орындалды.

Ересек адамдарда туберкулезді ерте анықтау үшін флюорография қолданылады.

Туберкулезді диагностикалаудың тағы бір әдісі - туберкулин сынамасы (Манту сынамасы), бұл сынама зиянсыз, сынама жоғары тәуекел тобындағы 1 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға жасалады.

Туберкулездің алдын алу шаралары:

  • балалар үшін-БЦЖ вакцинасымен егу, ол ең алдымен туберкулез менингитінен және аурудың ауыр түрлерінен қорғайды;
  • жыл сайынғы флюорографиялық тексеру;
  • жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау (қолды, жуғыш заттар мен ағынды суды пайдаланып ыдыстарды жуу, үй-ішін ылғалды жинау және желдету, қақырықты, сілекейді еденге, жерге түкірмеу, әрбір науқас жөтел адам қақырықты арнайы контейнерге мұқият жинап, аузын майлықпен жабуы керек);
  • салауатты өмір салты-бұл туберкулезді алдын алу және сәтті емдеудің кепілі (дұрыс тамақтану, тұрақты дене белсенділігі, жақсы демалу, темекі шегуден, ішімдіктен, есірткіден бас тарту).