Әлемде және Қазақстан Республикасында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Әлемде және Қазақстан Республикасында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

2023 жылғы 24 ақпанда Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Т.Тоқтабаеваның төрағалығымен Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының, «Семей медициналық университеті» КАҚ, "ҰСО" ШЖҚ РМК Абай облысы бойынша филиалының өкілдерімен, Абай облысының медициналық ұйымдары мен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшыларымен семинар-кеңес өткізілді.

Кеңесте облыстың СЭБД басшысының орынбасары А. Т. Тоқтабаева әлемде және Қазақстан Республикасында, сондай-ақ Қазақстанмен шекаралас таяу шет елдерде Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы, бұдан басқа, ол ағымдағы жылы Қазақстан Республикасында қызылшаның шет елден әкелінген жағдайларын тіркеу туралы толық ақпаратты жеткізіліп, соңғы 2 жыл мен 2023 жылдың өткен кезеңінің Абай облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай және облыс аумағына инфекцияның әкеліну және таралу қаупі туралы баяндады.

Кеңес отырысының қатысушылары қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы профилактикалық егулерді алмаған адамдар үшін қызылшаға қарсы иммундауды ұлғайтуды, нысаналы балаларды профилактикалық егулермен оңтайлы қамту деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз ету әрбір әкімшілік аумақ бойынша қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы (кемінде 95%), медицина қызметкерлерін қызылшамен ауыратын науқастарды диагностикадан өткізу, анықтау және емдеу, науқастардан сынамаларды іріктеу және тасымалдау сұрақтары, байланыста болған адамдарға шұғыл екпе жүргізу, халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу қарастырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Абай облысы денсаулық сақтау басқармасымен бірлескен хаттамалық шешім қабылданып, "ҰСО" ШЖҚ РМК Абай облысы бойынша филиалына, Абай облыстың медициналық ұйымдары мен аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, облыс аумағына қызылшаның әкелінуіне және таралуына жол бермеу мақсатында іске асырылатын негізгі іс-шараларды белгіледі.