Бруцеллез

Бруцеллез

Бруцеллез - адамның (барлық мүшелерге әсер етеді) және жануарлардың қауіпті ауруы, мүгедектікке әкелуі мүмкін.

Бруцеллездің белгілелері

Инфекциядан кейін бактерия лимфа түйіндерінде көбейеді және клиникалық түрде көрінбейді, инкубациялық кезең шамамен 10 күн.

Адамдарда бруцеллездің алғашқы белгілері тұмауға ұқсауы мүмкін. Науқас бас ауруына, буын ауруына , әлсіздікке шағымданады.

Бруцеллездің басқа да белгілері:

  • Тәбеттің төмендеуі;
  • Іш ауруы;
  • Дене қызуының жоғарылауы;
  • Салмақ жоғалту.

Алдын алу шаралары:

Үйде жұқтыру қауіпін азайту үшін шала піскен ет пен пастерленбеген сүт өнімдерінен аулақ болыңыз.

  • Жануарларды бруцеллезге тексеріңіз, малдың ауруы туралы ветеринарға хабарлаңыз;
  • Мал сою кезінде жеке гигиена қағидаларын сақтаңыз, жұмыс киімін қолданыңыз;
  • Балаларды, жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді төлдеу кезеңінде жұмысқа тартпаңыз;
  • Стихиялық сауда орындарында ет және сүт өнімдерін сатып алмаңыз.