
Кеден одағының (ЕАЭО) техникалық регламентінің талаптарына сәйкес ЕАЭО аумағына әкелінетін немесе ЕАЭО аумағында өндірілетін тағамға барлық биологиялық белсенді қоспалар айналымға шығарар алдында міндетті түрде өнімді мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс, оның шеңберінде ББҚ қауіпсіздігінің ғылыми негізделген растамасын беру арқылы осы өнімге барлық қажетті санитариялық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізіледі. Барлық белгіленген талаптарға сәйкестікті бағалаудан өткеннен кейін өтініш берушіге (дайындаушыға, импорттаушы-тасылдаушыға (өндіруші уәкілеттік берген) өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне міндетті түрде енгізе отырып, оны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріледі. ББҚ-ны қолдануға тыйым салуды немесе тоқтата тұруды, ББҚ-ны практикада енгізу мен қолдануды бақылауды, ББҚ-ны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктерді беруді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жүзеге асырады.
Кез келген тұтынушы «Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімі» бөлімінде Еуразиялық экономикалық комиссия порталында ББҚ-ның нақты атауларына қатысты мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің болуын және қолданылуын тексере алады. Ол үшін іздеу жолына ББҚ атауын енгізіп, іздеуді бастау керек, содан кейін нәтижелермен танысуға болады.
Қазіргі уақытта желілік маркетинг арқылы, оның ішінде интернет-ресурстарда немесе заңды жұмыс істемейтін (уақытша) сауда нүктелері арқылы сатылатын ББҚ-лар уәкілетті органмен бақыланбайды, өйткені оларды іріктеу (сатып алу) және зерттеу тетігі әзірленбегендіктен, сатып алушы осы өткізу орындарында сатып алынатын өнім үшін және оны қолдану туралы шешім үшін дербес жауапты болады.
Дәріхана желісінде «күмәнді» ББҚ қоспаларды сатып алған жағдайда, Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына немесе тікелей Абай облысы СЭБ департаментіне шағымдана аласыз.