
Бүгінгі нарық бізге заманауи киімнің үлкен таңдауын ұсынады. Киім әдемі ғана емес, сонымен қатар ыңғайлы, сапалы және қауіпсіз болуы керек екенін есте ұстаған жөн. Киім сатып алғанда, тұтынушы негізінен жеке белгілерге назар аударады: беделді өндіруші, матаның сапасы, жағымды иіс, төмен бағалар және т.б. Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі мынадай көрсеткіштер бойынша бағаланады: «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Техникалық регламенттің (КО ТР 017/2011) қосымшаларында көрсетілген механикалық (жарылу жүктемесі, бекітілу беріктігі, икемділік, соққы беріктігі); химиялық (тізбесі материалдың химиялық құрамына және (немесе) өнімнің мақсатына байланысты айқындалатын ауа және (немесе) су ортасына зиянды химиялық заттардың шекті жол берілетін бөлінуі); биологиялық (гигроскопиялық, ауа өткізгіштігі, су өткізбеушілігі, электростатикалық өрістің кернеулігі, уыттылық индексі немесе жергілікті-тітіркендіретін әсері, бояудың тұрақтылығы).
Тұтынушыға сапалы затты таңдауға мүмкіндік беретін тағы бір маңызды талап – өнімді таңбалау. Өнімді таңбалау бұйымға, бұйымға бекітілетін затбелгіге немесе тауарлық заттаңбаға, бұйымның қаптамасына, бұйымдар тобының қаптамасына немесе өнімнің қосымша парағына ақпаратты салу арқылы жүргізіледі, ол анық, оқылатын және қарап тексеру мен сәйкестендіру үшін қолжетімді болуы тиіс.
Жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау мынадай міндетті ақпаратты қамтуға тиіс:
- өнімнің атауы;
- өндіруші елдің атауы;
- дайындаушының немесе сатушының немесе дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның атауы;
- дайындаушының немесе сатушының немесе дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның заңды мекенжайы;
- өнімнің мөлшері;
- шикізат құрамы;
- тауар белгісі (бар болса);
- Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісі;
- дайындаушының кепілдік міндеттемелері (қажет болған жағдайда);
- дайындалған - өнім партиясының нөмірі (қажет болған жағдайда).
Жеңіл өнеркәсіп өнімінің түрі мен мақсатына байланысты таңбалау «Жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы» Техникалық регламентте (КО ТР 017/2011) көрсетілген қосымша ақпаратты қамтуы тиіс.
Таңбалау мен ақпарат орыс тілінде немесе аумағында осы бұйым өндірілетін және тұтынушыға өткізілетін Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде ұсынылуға тиіс.
Импорттық өнім үшін өнім дайындалған елдің атауын, дайындаушының атауын және оның заңды мекенжайын латын әліпбиінің әріптерін пайдалана отырып көрсетуге жол беріледі.
Тиісті растауларсыз «экологиялық таза», «ортопедиялық» нұсқауларға және басқа да осыған ұқсас нұсқауларға жол берілмейді.
Нарыққа айналымға шығарар алдында жеңіл өнеркәсіп өнімі сәйкестікті декларациялау немесе сертификаттау нысанында жүзеге асырылатын осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестікті міндетті растау рәсіміне ұшырауы тиіс.