Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі

Нарық тұтынушыларға парфюмерлік-косметикалық өнімдердің үлкен ассортиментін ұсынады. Бұл өнімді сатып алғанда, сапалы және қауіпсіз өнімді таңдауға мүмкіндік беретін өнімнің таңбалауына назар аудару керек.
Кейбір косметикалық препараттарды қолдану адамның сыртқы келбетін жақсарту ғана емес, сонымен қатар қауіп-қатер болып табылады. Егер өнімнің таңбалануын мұқият оқымасаңыз, тәжірибе көрсеткендей, олар терінің тітіркенуін, байланыс дерматитін және т.б. тудыруы мүмкін.
Парфюмерлік-косметикалық өнімді таңбалау «Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 009/2011 Техникалық регламенттің қосымшаларында көрсетілген таңбалауға қойылатын талаптарды ескере отырып, тұтынушы ыдысына, заттаңбасына, жапсырмасына жазулар, цифрлық, түсті және графикалық белгілер түрінде тұтынушыға ақпарат салу жолымен жүргізіледі.
Парфюмерлік - косметикалық тауарларды сатып алу кезінде мыналарға назар аудару қажет:

  • жарамдылық мерзімі;
  • сақтау шарттарының сипаттамасы, егер бұл шарттар стандарттағыдан өзгеше болса;
  • өнімді қолдану кезінде ерекше сақтық шаралары (қажет болған жағдайда), оның ішінде ескертулер туралы ақпарат;
  • парфюмерлік-косметикалық өнімдерді қолдану тәсілдері туралы мәліметтер, олардың болмауы тұтынушының парфюмерлік - косметикалық өнімдерді дұрыс пайдаланбауына әкеп соғуы мүмкін;
  • егер бұл өнімде аллергиялық реакциялар туғызуға қабілетті заттар болса, онда бұл туралы орамдағы ақпарат болуы тиіс.

Есіңізде болсын, парфюмерлік-косметикалық бұйымдар сіздің денсаулығыңыз бен хал-жағдайыңызға тікелей әсер етеді!