
Абай ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мынаны еске салады: жұқпалы ауруларды жұқтырудың алдын алу үшін сұлулық салонына барған кезде тұтынушыларға қызмет көрсету ережелерін сақтауға назар аудару қажет.
Құралдарды дезинфекциялау. Гепатиттің, АИТВ-инфекциясының, туберкулездің, саңырауқұлақ ауруларының және басқа да инфекциялардың таралуын болдырмау үшін қолданылатын құралдарды дезинфекциялау және зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Тарақтарды, щеткаларды, шаш қиюға арналған қайшыны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әрбір клиенттен кейін толық батырған (дезинфекциялау ерітінділері) кезде химиялық әдіспен немесе ультракүлгін сәулелеу арқылы кейіннен дезинфекциялай отырып, ағынды судың астында жуады. Электрлік ұстаралардың алмалы-салмалы пышақтары, косметикалық жабдықтар мен аспаптарға арналған электродтар әрбір клиентке қызмет көрсетілгеннен кейін дезинфекциялау құралымен екі рет (15 минут аралықпен) өңделеді.
Киім-кешек. Клиенттерге қызмет көрсету кезінде салон тек таза киім-кешек пайдалануға міндетті, әрбір келушi дербес қолдануы үшін таза киім-кешек қорымен (сүлгiлер, сулықтар, ақжаймалар және басқалары) қамтамасыз етіледі. Пеньюарлар тек таза сулықпен немесе бір рет қолданылатын жаға, астылық лентамен қолданылады. Жуу және дезинфекциялау құралдары жеке үй-жайда немесе орында сақталады.
Шаштараздық қызмет көрсету залында таза киім-кешекті, парфюмерлік-косметикалық құралдарды жабық шкафтарда сақтауға жол беріледі. Пайдаланылған киім-кешек қайта пайдаланылмайды.
Өнімнің жарамдылық мерзімі. Парфюмериялық және косметикалық өнімдердің жарамдылық мерзімі өтпеген сертификаттары немесе сәйкестік туралы декларациялары болуы керек.
Медициналық кітап. Терi бетi тұтастығының бұзылуы арқылы манипуляцияларды жүзеге асыратын объектiлердің жұмыскерлерi № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сәйкес жұмысқа кiру кезiнде және жыл сайын В және С вирустық гепатитінің маркерлеріне тексерiледi.
Назар аударыңыз! Терінің тұтастығын бұзумен байланысты маникюр және педикюр қызметтері халық үшін эпидемиологиялық қауіп төндіреді және санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес дезинфекциялық және зарарсыздандыру шараларын жүргізуді талап етеді.
Тері және сілемейлі қабаттардың зақымдануы мүмкін манипуляциялар үшін (маникюр, педикюр, косметикалық қызметтер) пайдаланылатын құрал-саймандар нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес дезинфекциялау, стерилдеу алдында тазарту және стерилдеуге жатады. Құрал-саймандарды стерилдеу үшін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес жабдық, аппаратура және материалдар пайдаланылады.
Гепатиттің, АИТВ-инфекциясының, саңырауқұлақ ауруларының және басқа да инфекциялардың таралуын болдырмау үшін маникюр-педикюр шебері қажетті дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып және жабдықты, маникюр және педикюр құралдарын дезинфекциялау режимін сақтай отырып, эпидемияға қарсы шаралардың толық кешенін жүргізуі керек.
Терінің зақымдалуына әкелетін барлық әрекеттер стерильді құралдар мен материалдарды қолдану арқылы орындалуы керек.
Маникюр-педикюр қызметтерін тұтынушыларына салондағы келесі талаптардың сақталуына назар аударуын ұсынады: