
Адамзат бір жағынан табиғи, екінші жағынан техногендік (антропогендік) сәулелену көздеріне байланысты өзгеретін радиациялық жағдайда өмір сүреді. Радиацияның техногендік көздерінің бірі диагностикалық және емдік мақсатта рентгендік радионуклидтік сәулеленуді қолданатын медицина болып табылады. Адамның медициналық сәулеленуі күрделі радиациялық-гигиеналық проблема болып табылады, оны реттеу және шектеу ел халқына радиациялық әсердің жиынтық деңгейін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.
"Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес азаматқа (пациентке) оның талабы бойынша сәулеленудің күтілетін және (немесе) алынған дозалары және оның әсер етуінің ықтимал салдары туралы толық ақпарат беріледі. Эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті ауруларды анықтау мақсатында жүргізілетін профилактикалық зерттеулерді қоспағанда, азаматтың (пациенттің) мұндай медициналық рәсімдерден бас тартуға құқығы бар.
Иондаушы сәулелену көздерін пайдалана отырып рәсімдер жүргізген медициналық ұйым, егер мұндай себептік байланыс сот тәртібімен дәлелденсе, пациенттің денсаулығына немесе өміріне ықтимал теріс әсер еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 бұйрығының 19-тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы " Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидаларын бекіту туралы", азаматтарға профилактикалық медициналық рентгенологиялық рәсімдерді жүргізу кезінде сәулеленудің жылдық жеке тиімді дозасы 1 мЗв аспауға тиіс.
Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгенологиялық рәсімдерді жүргізу кезінде жылдық сәулеленудің белгіленген нормативі қосымша зерттеулер жүргізуді немесе үлкен дозалануы бар әдістерді мәжбүрлі пайдалануды талап ететін жағдайларда ғана асып кетуі мүмкін.
Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгенологиялық рәсімдерді жүргізу кезінде осы нормативтен уақытша мәжбүрлеп асып кету туралы шешімді Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және тиісті аумақтар мен көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер қабылдайды.
Айта кету керек, Заңда және санитарлық ережелерде көрсетілген талаптарды қатаң сақтау медициналық сәулелену кезінде пациенттерді қорғауға кепілдік береді.