
Биологиялық белсенді қоспалар дегеніміз (ББҚ)— тағам құнарын арттыру мақсатында қолданылатын табиғи және табиғи тектес заттар, құрамында: мультивитаминдер, минералды кешендер және т. б. бар.
Қазіргі уақытта ББҚ дәріхана желісі, интернет-сайттар және басқалар арқылы жүзеге асырылады. ББҚларды іске асыруға қойылатын талаптар ҚР «Жарнама туралы» Заңында және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-160/2020 бұйрығымен және өзге де заңнамамен бекітілген тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру қағидаларында регламенттелген. Теле және радиоарналарға, интернет-ресурстарға арналған жарнамаларда келесідей ақпараттар болуы тиіс:
ББҚлар міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Біздің республикада ББҚ мемлекеттік тіркеуді / қайта тіркеуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жүзеге асырады. Сізді қызықтыратын ББҚ тіркеуді Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында орналастырылған мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінен және «Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің тізілімі» бөліміндегі «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесі арқылы табуға болады.
Департамент күн сайын ББҚ туралы жарнама таратушылар мен жарнама берушілерді анықтау бойынша әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді. Теле-радио арналары, мерзімді баспасөз басылымдары, интернет ресурстар, әлеуметтік желілер, желілік басылымдар, сыртқы (көрнекі) жарнама заңнама талаптарының бұзылуын анықтау тұрғысынан мәліметтер көзі бола алады.
Осыған байланысты, сауда субъектілері (объектілері) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік міндетті түрде болған кезде ғана тағамға ББҚ сатуды жүзеге асыруы қажет. Сонымен қатар, әрбір тұтынушы - тағамға ББҚ сатып алу кезінде сатушыдан оның қауіпсіздігін растайтын құжатты талап етуге құқылы.