ЖРВИ мен тұмаудың өршу кезеңінде иммунитетті қолдау үшін дұрыс әрі теңгерімді тамақтану қағидаларын сақтау маңызды

ЖРВИ мен тұмаудың өршу кезеңінде иммунитетті қолдау үшін дұрыс әрі теңгерімді тамақтану қағидаларын сақтау маңызды

Ұсынылады:
• күніне 3–4 рет әртүрлі және мөлшермен тамақтану;
• рационға ақуызға бай өнімдерді енгізу: ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдері, бұршақ тұқымдастар;
• күн сайын көкөністер мен жеміс-жидектерді тұтыну — дәрумендер мен антиоксиданттардың көзі;
• тұтас дәнді өнімдерге басымдық беру;
• өсімдік майларын, жаңғақтарды, балықты пайдалану.

Сұйықтық ішу тәртібі:
• тәулігіне кемінде 1,5–2 литр сұйықтық ішу;
• су, морс, компот, шөп шайлары.

Шектеу қажет:
• фастфуд, майлы және қуырылған тағамдар;
• қант пен тұзды шамадан тыс тұтыну;
• алкоголь.

Дәрумендік препараттарды тек дәрігердің тағайындауы бойынша қабылдау қажет.

Толыққанды тамақтану — ЖРВИ мен тұмаудың алдын алудың маңызды шарасы.