Ақпарат
бақылау және қадағалау объектілерін тексеру кестесін орындау бойынша
санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында
2023 жылдың 9 айында
ҚР ДСМ 2022 жылғы 9 желтоқсандағы №1107 бұйрығымен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу кестесіне сәйкес ағымдағы 2023 жылға бақылау және қадағалау объектілерін 197 тексеру, оның ішінде 86 кәсіпкерлік субъектісін тексеру жоспарланған.
2023 жылғы қыркүйектегі (9 ай) жағдай бойынша тексерулерді қамту көрсеткіші 73% -. құрайды.
Жалпы облыс бойынша 2023 жылдың 9 айында 127 нысанның талаптарға сәйкестігі тексерілді, жоспар бойынша 197(64%).
Бұзушылықтармен жұмыс істейтін объектілердің жалпы үлес салмағы 99% құрады.
Тексеру қорытындысы бойынша 107 әкімшілік жаза қолданылды, 14058750 теңгеден астам сомаға айыппұл өндірілді. Бұзушылықтарды жою туралы 73 ұйғарым берілді.
Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін объектілерге жоспардан тыс 129 тексеру жүргізілді, олардың барысында 82 объектіде бұзушылықтар анықталды. 34261950 теңгеден астам сомаға 87 айыппұл өндірілді. Бұзушылықтарды жою туралы 65 ұйғарым берілді, 9 материал сотқа берілді.
9 айда "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметті жүзеге асыруды бастау немесе тоқтату туралы 258 хабарлама тіркелді.