Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Есетұлы Қыдырғанбеков Долинка кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында кент әкімі Арман Сәткенұлы Түсіпов 2026 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарлармен бөлісті.
Кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізіліп, онда кенттің коммуналдық инфрақұрылымына қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Мұндай кездесулер өзекті мәселелерді анықтауға және кентті одан әрі дамытудың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі QazTRF-23-ке көшеді. Сол себепті демалыс және мереке күндері, 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін ЖМБМК мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Технологиялар дамыған сайын координаттарды анықтау тәсілдері де жаңаруды қажет етеді. Бұрын координаттар спутниктік технологиялар пайда болмай тұрып жасалған әдістермен анықталса, бүгінде заманауи технологиялар бұл жұмысты дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Жаңа координаттар жүйесіне көшу – әлемдік тәжірибе және Қазақстан да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшіріледі.
QazTRF-23 – ескірген геодезиялық жүйелердің орнына іске қосылған заманауи әрі ашық мемлекеттік координаттар жүйесі. Оның көмегімен Қазақстан аумағындағы жер учаскесінің, ғимараттың, жолдың немесе басқа да обьектінің орналасқан жері анықталады.
Аталған күндер аралығында жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайтынын ескерген жөн. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.
Алдағы өзгерістерге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтар мен ұйымдарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін цифрлық сервистер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырады.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " КЕАҚ
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, облыстың барлық деңгейдегі әкімдерінің 2026 жылға арналған халықпен кездесулерінің икемді күнтізбесі әзірленді, оған сәйкес 2026 жылғы 16 қазанда сағат 16.00-де Долинка кентіндегі Шахтинск қаласының Кеншілер мәдениет сарайының филиалында Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков Мұрат ЕсетұлыныңДолинка кентінің тұрғындарымен кездесуі өтеді
Қала әкіміне жеке сұрақ немесе шағым беруге ниет білдірген барлық адамдар үшін кездесу аяқталғаннан кейін тікелей азаматтарды қабылдау ұйымдастырылады. Қабылдауға алдын-ала жазылу Долинка кенті әкімі аппаратының қабылдау бөлмесінде және 58252 телефоны бойынша жүргізіледі.
Сонымен қатар, арнайы орнатылған жәшіктер немесе «жедел желі» телефоны арқылы қала әкіміне өз ұсыныстарыңызды білдіріп, сұрақтарыңызды қоюға болады.
Шахтинск қаласы әкімінің аппараты
|
Елді мекен |
Жәшіктердің орналастырылған жері |
Мекенжайы |
«Жедел желі» телефоны |
|
Северо-Западный және Долинка кенттері |
Северо-Западный кентінің «Продукты» дүкені |
Бурцев көшесі, 4 |
58252 |
|
Долинка кентінің пошта байланысы бөлімшесі |
Садовая көшесі, 58 |
||
|
Долинка кенті әкімінің аппараты |
Садовая көшесі, 58 |
||
|
Сангородок кентіндегі «Ксюша» дүкені |
Сангародок кенті, Лесная көшесі, 9 |
Сіздерді Ұстаздар күнімен құттықтаймын!
Еңбектеріңіз, даналықтарыңыз және өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздерге амандық, құрмет, шабыт және жұмыстарыңызға табыс тілеймін!
Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары! Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.
Қарағанды облысы аймағында хабарландыру жүйесінің техникалық тексерісі жүргізіліп жатыр. Тыныштық сақтауларыңызды және ешқандай іс-әрекет қолданбауларыңызды сұраймыз.
Хабарламаға бейқам болмаңыз. Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары! Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.
«Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында, 2026 жылғы 16 қыркүйекте сағат 10.55-те барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Сабыр сақтауыңызды және дүрбелең мен қауесеттерге бой алдырмауыңызды сұраймыз.
Хабарламаға бейқам болмаңыз. Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) функцияларының біріне мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары және заңды мүдделерін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау болып табылады.
Осы бағытта, 2026 жылдың 8 айының нәтижесінде Департаментпен
230-дан астам мемлекеттік қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті сұрау салулар жолдау, сондай-ақ Telegram-бот қосымшасы арқылы келіп түскен өтініштерді қарау нәтижес інде жүзеге асырылуда.
Соңғы уақытта жылжымайтын мүлік мәселелері бойынша азаматтардан келіп түскен 2 өтініштің негізінде Департаментпен жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік тіркеу бойынша тексеру барысында мемлекеттік қызмет көрсетушінің бас тартуы негізсіз деп танылып, анықталған сәйкессіздіктердің қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болмағаны анықталды.
Бұдан бөлек, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау кезінде тиісті ақпараттық жүйеге қате мәлімет енгізілгені анықталып, Департаменттің ықпалымен ақпараттық жүйедегі деректер құқық белгілейтін құжаттарға сәйкестендірілді. Нәтижесінде екі жағдайда да қызмет алушылардың бұзылған құқықтары толық қалпына келтірілді.
Аталған бағыттағы жұмыс Департаментпен тұрақты және жүйелі түрде жүргізіліп, мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғау
және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері ерекше бақылауда.
С. Шеримбаева
МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы