Әлеуметтік тұрғыдан осал топтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында Долинка кенті әкімінің аппараты халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізуде. Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру барысында тіркелген жұмыссыздық деңгейі 3,2% құрады.
Тұрақты жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 2025 жылдың 11 айында жұмыспен қамту орталығына 80 адам жүгінді. Тұрақты жұмысқа 33 адам орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарда 6 адам еңбек етті. Кәсіпкерлік негіздері бойынша 2 адам оқытылды. 2025 жылдың 11 айы ішінде кентте 1 жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қоры есебінен 2025 жылдың 11 айында 4 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді.