2022 жылға арналған Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі
жоспардың орындалуы туралы ақпарат
|
Р/к № |
Іс-шараның атауы |
Орындалуы |
|
4. |
Мемлекеттік органдардың әдеп нормаларды сақтау бойынша жұмыс тиімділігінің деңгейін анықтау үшін мемлекеттік органның интернет-ресурсында онлайн-сауалнама орналастыру. |
Мемлекеттік органдардың әдеп нормаларды сақтау бойынша жұмыс тиімділігінің деңгейін анықтау үшін Шахтинск қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында онлайн-сауалнама орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/survey/1263?lang=ru |
|
6. |
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп бұзушылықтарын өткен жылмен салыстырғанда кемінде 20%-ға азайтуды қамтамасыз ету. |
2021 жылы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын бұзуға жол берілмеді. Ағымдағы жылы Долинка кенті әкімінің 2022 жылғы 10.10. №40-ө өкімімен этикалық нормаларды бұзғаны үшін Долинка кенті әкімінің орынбасары Е. Б. Абдигаликов тәртіптік жауапкершілікке тартылды. |
|
11. |
Мемлекеттік органдардың тиісті құрылымдық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуін қамтамасыз ету. |
Шахтинск қаласы әкімдігінің атқарушы органдары тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді. Биылғы жылы 9 мемлекеттік мекеме мен 2 ЖШС-ге 100% мемлекет қатысуымен аталған талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша барлығы 6 тәуекел анықталды, оның ішінде: 1-қолданыстағы заңнамада; 2-персоналды басқаруда; 1-мемлекеттік сатып алу саласында; 2 - мемлекеттік қызметтер. Уәкілетті органдар анықталған тәуекелдердің қатерлерін барынша азайту жөнінде тиісті жұмыс жүргізеді. Талдау нәтижелері туралы мәліметтер Шахтинск қаласы әкімдігі интернет-ресурсында "Қызметі"-"Негізгі құжаттар"-"Әдеп жөніндегі уәкілі"-"сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау" бөлімінде орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/activities/directions?lang=ru |
|
12. |
Жұмыс жүктемесін көрсете отырып, әдеп жөніндегі уәкілдердің жүктелген функцияларының жұмысына талдау ұсыну |
Шахтинск қаласы әкімінің 19.06.2017 жылғы №44ө өкімімен Шахтинск қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің функциялары қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы А.И. Майданға жүктелген. 2021 жылдың 9 айында 45 адамға консультациялық көмек көрсетілді, ағымдағы жылдың ұқсас кезеңінде 54, бұл алдыңғы кезеңнен 20% - ға артық. 2021 жылы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын бұзуға жол берілмеді. Ағымдағы жылы әдеп нормаларын бұзғаны үшін 1 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Түсіндіру жұмысы аясында 2021 жылдың 9 айында дәрістер мен семинарлар өткізілді, бейнесюжеттер орналастырылды, мақалалар жарияланды, саны – 34. Ағымдағы жылдың ұқсас кезеңінде аталған 43 іс-шара өткізілді (26%). |