2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Долинка кенті әкімінің аппараты» ММ-нің қызметі есебі

2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Долинка кенті әкімінің аппараты» ММ-нің қызметі

есебі

 

 

1.Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес «Долинка кенті әкімінің аппараты» ММ-де мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 14 түрі көрсетіледі:

  1. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
  2. Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
  3. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру.
  4. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
  5. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
  6. Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
  7. Азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою.

Өтініштерді қабылдау «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ, Шахтинск қаласы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау.

Өтінішті қабылдау халықты жұмыспен қамту орталығы, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі арқылы жүзеге асырылады.

  1. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.

Өтінішті қабылдау Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
  2. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру.
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.

Өтінішті қабылдау «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

  1. Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп-бөліп сату.
  2. Жер учаскесін алуға кезекке қою.

Өтінішті қабылдау Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Есептік кезеңде «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» 7 қызметі көрсетілді.

 

2.Қызмет алушылармен жұмыс:

Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде халықты ақпараттандыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында көрнекі ақпараты бар стендтер (стандарттар, өтініштер үлгілері) орналастырылды. Орталық көшеге 2 тақырыптық тартпа орнатылып, буклеттер тұрақты түрде таратылуда. Тоқсан сайын «Шахтинский вестник» газетінде мақалалар жариялау жүргізіледі, 2021 жылы 4 мақала жарияланды, «Электрондық үкімет» порталында электрондық мемлекеттік қызметтерді алуды түсіндіру бойынша бейнероликтер көрсетілді, «Инстаграм» әлеуметтік желісінің платформасында тікелей эфирлер жарияланды.

Әкімдіктің қабылдау бөлмесінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, барлық қажетті техникамен жабдықталған. Осы бұрыш арқылы электрондық үкімет порталында 2021 жылы тұрғындар 149 Мемлекеттік қызмет алды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 60% - ға артық. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мекеме пандуспен жабдықталған, ішкі қайырмалы пандус, қызметкерлерді шақыру батырмасы, тактильді тақтайшалар, Брайль қарпімен орындалған пиктограммалары бар тақтайшалар, нашар көретіндерге арналған көрсеткіштер бар, 2021 жылы бұл жұмыстарға 456,0 мың теңге жұмсалған. Бұл бағыттағы жұмыс 2022 жылы да жалғасатын болады.

3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет:

Долинка кенті әкімінің аппаратында ХҚКО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (ХҚКО ЫАЖ Мониторинг) құралы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуына күнделікті бақылау жүргізіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілеріне жол бермеу және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.

2021 жылы Шахтинск қаласы әкімдігімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым түскен жоқ.

5.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мәселесі ерекше бақылауда тұр, осыған байланысты ағымдағы жылы Мемлекеттік қызметтерді жаңа сапалы деңгейде көрсету арқылы халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады.

 

 

      Долинка кентінің әкімі                                       А.С. Тусупов

 

 

2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Долинка кенті әкімінің аппараты» ММ-нің қызметі есебі
Дата публикации
17 января 2022